Түзету мекемесі жанындағы №15 колледжінің білімгерлеріне 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты тағдырдың тәлкегімен жаза басып, темір тордың ар жағында жазасын өтеуші сотталғандарға, яғни колледж білімгерлеріне еліміздің Тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Білімгерлердің рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге бейімдеу.
Тәрбие сағатына барлығы 298 білімгер қатысты. Тәрбие сағатынан кейін білімгерлер Еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосқысы келетіндіктерін, жазаларын өтеу мерзімі кезінде олардың кәсіптік білім алуларына мүмкіндік беріп отырған Үкіметімізге разылықтарын айтып өз ойларын білдірді.
Колледж құрылғалы бергі жарты ғасыр ішінде оның қабырғасынан он мыңнан астам кәсіби жұмысшы кадрлары қанаттанып шықты. Біз жыл сайын жұмысшы кәсіптері бойынша 100 ден аса маманды дайындап, түлетудеміз. Бұл мамандарға түзеу мекемемелері де, алдағы уақытта қоғамда, өте зәру. Әрине, «Темір тордың арғы жағында» да түрлі деңгейдегі мықты мамандар жеткілікті. Олар киім тігеді, жиһаз жасайды, құрылыс жұмыстарымен айналысады, слесарлық жұмыс атқарады, басқа да еңбек дағдыларын меңгеріп алған. Алайда бұл дағдылардың барлығы құжатпен заңдастырылмағандықтан, ертеңгі күні бостандыққа шыққанда керексіз болып қалады. Құжаттың жоқтығы – жұмысқа орналасқан кезде, қолбайлау болатыны жасырын емес. Бостандыққа шығып, жұмысқа тұра алмаған адам үшін, мұндай жағдайда бір жол қалады, ол-қылмысқа қайта бару, түзеу мекемесіне қайта оралу. Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж белгілі бір дәрежеде осы олқылықтың орнын толтыруда. Бұл ретте ең маңыздысы сол, жыл сайын салтанатты жағдайда қолдарына мемлекеттік үлгідегі орта кәсіптік –техникалық дипломын табыстап, сондай-ақ, үшінші, төртінші разрядтты кәсіби біліктілік атағын беру, жаза мерзімін өтеп жүріп, оқимын ба? Жоқ әлде оқымайын ба? –деп жолайрықта тұрған сотталушылардың тәрбиесі мен өнегесіне зор ықпал етіп, оң әсерін тигізетіні сөзсіз екенін сіздер мен біздер жетік түсінеміз.
№15 колледж директорынының
тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасарының м.а. К.А. Усеров