Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Түзету мекемесі жанындағы №15 колледжі» КМҚК директорының
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Абилдаев Асемкамал Шакенович
2. Туған күні: 09 қараша 1964 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында туылған.
3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын аяқтады, білімі бойынша мамандығы мен біліктілігі, біліктілігін арттыру туралы құжаттар):
– 1986 жылы Жамбыл химия – технология техникумын «техник – механик » мамандығы бойынша аяқтады.
– 2010 жылы – Яссауи атындағы қазақ – түрік халықаралық университетін – кәсіптік білім беру мамандығы бойынша аяқтады.
– 2009 жылдың 3 қараша мен 16 қараша аралығында «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығы» АҚ «Кәсіптік – педагогикалық шеберліктің заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша оқытудан өтті.(Сертификат № 00045)
– 2014 жылы 2 – желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Оқытудың білімдік нәтижелеріне жету сапасын бағалау бойынша мұғалімнің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша оқытудан өтті. (Сертификат № 5050659)
– 2017 жылдың 2 қазаны мен 13 қазаны аралығында «Кәсіпқор холдингі » коммерциялық емес акционерлік қоғамы кәсіптік білім беру орталығында «Техникалық және кәсіптік» білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік – модульдік технологияларын енгізудің ерекшеліктері » тақырыбында оқытудан өтті. (Сертификат № 0219) .
– 2020 жылдың 14 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Талап» біліктілікті беру орталығында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын басқару» тақырыбында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инжелерлік – педагогикалық қызметкерлерін және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтті.(Сертификат №1802).
4. Атқарып отырған лауазымы және тағайындау күні
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылғы қазан айының 22 күні
№ 215 ж/қ – қ бұйрығына сәйкес «Түзету мекемесі жанындағы № 15 колледжі » МКҚК директоры болып тағайындалды.
5. Жалпы жұмыс өтілі: 32 жыл.