Түзету мекемесі жанындағы №15 колледжінің тарихы

1970 жылы 11-ші желтоқсанда Жамбыл қаласында Жамбыл облыстық кәсіптік-техникалық училище басқармасының және ІІМ (Ішкі Істер министрлігі) облыстық басқармасының шешімі бойынша ЖД 158/4 мекемесі базасы негізінде алғашқы рет №184 кәсіптік техникалық училище 150 оқушымен ашылды.

1984 жылы 28 тамыздағы №263 -ші Жамбыл облыстық басқармасы кәсіптік – техникалық училищесінің бұйрығымен ІІМ (Ішкі Істер министрлігі) ТММ (Түзету мемлекеттік мекемесі) жанындағы №184 кәсіптік техникалық училищеге №010 ОКТУ (орта кәсіптік техникалық училище) атауы берілді.

1996 жъілы 6 тамыздағы Жамбыл облыстық білім департаментінің бұйрығымен ҚР Білім Министрінің ұсынысы бойынша № 010 ОКТУ (орта кәсіптік техникалық училище), №15 кәсіптік -техникалық мектеп болып қайта құрылды.

2001 жылы №15 КТМ (кәсіптік техникалық мектеп), №15 КМ (кәсіптік мектеп) болып ауыстырылды.

2008 жылы 1-ші қаңтардан Жамбыл облысы әкімдігінің №335 қаулысы негізінде №15 КМ (кәсіптік мектеп), МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын) №15 кәсіптік лицей болып аталды.

Жамбыл облысының әкімдігінің №198, 28.06 2012 жылы шыққан қаулысымен «Түзету мекемесі жанындағы №15 колледжі болып өзгертілді.