Оқытушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби деңгейін көтеру, колледж жұмыстарының барлық жүйесін тұтастандыруға маңызды құрал оқу-әдістемелік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы болып табылады. Біздің колледждегі әдістемелік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау мақсатында Түзету мекемесі жанындағы № 15 колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сапарбеков Д. А. Әдістемелік кеңес отырысын өткізді. Жиын барысында сөз алған Д. А. Сапарбеков оқу бағдарламаларының, аттестатталушы портфолиосын әзірлеу, топ жетекшілер мен оқытушылардың сабаққа қатысу картасын талдау, оқытушылардың біліктілігін көтеруге байланысты жұмыстарын зерделей келе колледж әдіскері Т. Махановқа тапсырмалар жүктеді. Осы мәселелер бойынша әдіскер Т. Маханов өз кезегінде аталған мәселелерге байланысты біліктілігін арттыру курсында алған білімін колледж оқытушыларына түсіндіре отырып алдағы уақытта бірігіп жұмыс атқаратынын жеткізді.
Оқытушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту
- Post author:admin
- Post published:14 мая, 2024
- Post category:Жаңалықтар
- Post comments:0 Comments