Абилдаев Асемкамал Шакенұлы жұмысына

Мінездеме

(Облыс әкімдігі білім басқармасының «Түзету мекемесі жанындағы

 № 15 колледж » директоры)

1964 жылы туылған (59 жаста),туған жері Жамбыл облысы, Талас ауданы

Мамандығы : Кәсіптік білім беру пәнінің оқытушысы

Жалпы жұмыс өтілі : 32 жыл

Осы лауазымда 2022 жылдың қазан айының  22 – нан бастап жұмыс істейді.

Негізгі атқаратын  лауазымдық міндеттері бойынша жұмыс нәтижесі төмендегідей

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарының орындалуын тікелей жетекшілік етіп келеді.

Ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарылығы, еңбек сүйгіштігі мақсаттылығы Асемкамал Шакенұлына әкімшілік оқу әдістемелік, тәрбиелік міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді. Ұжым басшысының жетекшілігімен колледж дамыту бағдарламасы дайындалды.  Аталған ұзақ мерзімді бағдарламаға сәйкес материалды – техникалық базаны жаңарту және нығайту, оқу үрдісін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Ұстаздар ұжымының  білім беру мазмұнын жетілдіруге заманауи инновациялық технологияларды оқу үрдісіне қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру міндеттерін шешуге бағыттайды.

№15 колледж түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға кәсіптік білім берумен айналысатындықтан,Абилдаев Асемкамал қызметіндегі маңызды бағыттар ол, өндірістік тәжірибені тиімді ұйымдастыру, түлектердің жұмысқа орналасуы, сонымен қатар тәрбие жұмысында сотталғандардың  оң ұстанымын қалыптастыру. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері түзету мекемесіндегі  жасақ тәрбиешілер кеңесі мүшелері ретінде бекітілген. Өз білімгерлерінің тәрбиелік іс-шараларына, олардың түзелу жолына түсуіне ықпал жасап, шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлес қосып отырады. Жүргізілген тәрбиелік мәні бар іс-шаралар арқасында көптеген сотталғандар өз көзқарастарын оң бағытқа өзгертіп, Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып жатыр. Осы өткізіліп отырған іс-шаралардың барлығы  Асемкамал Шакенұлының жіті бақылауының арқасында жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі: 17 жыл

Күшті жақтары:  Өз пәнін оқытудың теориясы мен әдісін жетік меңгерген тәжрибелі ұстаз, сонымен –қатар ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбек сүйгіш, іскерлік тәжрибесі мол, өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарап тапсырманы сапалы орындайды. Ұжымда зор сый құрметке ие  басшы.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

МКҚҚ «Жамбылоблысыәкімдігі білім басқармасының»

«Түзету мекемесі жанындағы № 15 колледжі»

 

Қызметтік сипаттама

Абилдаев Асемкамал Шакенұлы  1986 жылы Жамбыл химия – технология техникумын техник – механик мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы – Яссауй атындағы қазақ – түрік халықаралық университетін – кәсіптік білім беру  мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек  жолын 1982 жылы  Жамбыл облысы , Талас ауданында  ПМК – 2011 мекемесінде жұмысшы болып бастаған.

1989 -1998 жылдар аралығында Тараз қаласында НФДЗ заводында слесарь – аппаратшы болып жұмыс істеді.

2003 – 2005 жылдар аралығында Тараз қаласында «Нур – Асем» КСК – да шебер болып жұмыс істеді.

2007 – 2013 жылдары  – Тараз қаласындағы Түзету мекемесі жанындағы № 15 кәсіптік мектепте өндірістік – оқу шебері , шеберханалар меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2013 – 2015 жылдары Түзету мекемесі жанындағы № 15 колледж директорының оқу – өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары

2015 -2022 жылдары түзету мекемесі жанындағы № 15 колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

2022 жылдың қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі  Білім басқармасының Түзету мекемесі жанындағы  № 15 колледжінің  директоры қызметін  атқаруда.

Асемкамал Шакенұлы  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарынының орындалуына тікелей жетекшілік етіп келеді.

Ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарылығы, еңбек сүйгіштігі, мақсаттылығы Асемкамал Шакенұлына әкімшілік, оқу-әдістемелік, тәрбиелік міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді.

Ұжым басшысының жетекшілігімен колледжі дамыту бағдарламасы дайындалды. Аталған ұзақ мерзімді бағдарламаға сәйкес материалды-техникалық базаны жаңарту және нығайту, оқу үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Ұстаздар ұжымның білім беру мазмұнын жетілдіруге, заманауи инновациялық технологияларды оқу үрдісіне қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру міндеттерін шешуге бағыттайды.

№15 колледж түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға кәсіптік білім берумен айналысатындықтан, Асемкамал Шакенұлының   қызметіндегі маңызды бағыттар ол, өндірістік тәжірибені тиімді ұйымдастыру, түлектердің жұмысқа орналасуы, сонымен қатар тәрбие жұмысында сотталғандардың  оң ұстанымын қалыптастыру. Ұстаздар түзету мекемесіндегі  жасақ тәрбиешілер кеңесі мүшелері ретінде бекітілген. Өз білімгерлерінің тәрбиелік іс-шараларына, олардың түзелу жолына түсуіне ықпал жасап, шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлес қосып отырады. Жүргізілген тәрбиелік мәні бар іс-шаралар арқасында көптеген сотталғандар өз көзқарастарын оң бағытқа өзгертіп, Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып жатыр. Осы өткізіліп отырған іс-шаралардың барлығы Асемкамал Шакенұлы  жіті бақылауының арқасында жүзеге асырылуда. Асемкамал Шакенұлы  – өз пәнін оқытудың теориясы мен әдісін жетік меңгерген тәжрибелі ұстаз, сонымен –қатар ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбек сүйгіш, ұжымда зор сый құрметке ие  басшы.

 

Қызметтік сипаттамамен таныстым:                                     А.Ш.Абилдаев